Ауғанстанда тауық еті мен жұмыртқаның бағасы елдегі күрделі экономикалық жағдай аясында шамамен екі есеге өсті, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
«Толо-ньюз» телеарнасының хабарлауынша, бағаның көтерілуі Ауғанстанға тауар әкелудегі қиындықтармен және ел ішіндегі тасымалдау құнының қымбаттауымен байланысты.
Көптеген жергілікті фермерлер қаржылық қиындықтарға тап болды. Телеарнаның мәліметінше, Ауғанстанда 10 мыңға жуық тауық фермасы болса, оның 20 пайызы жұмыртқа жеткізумен айналысқан. Алайда, қазір олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан.
Ауғанстан жұмыртқаны Пәкістан, Иран, Қазақстан және Өзбекстаннан импорттайды.
Бұған дейін Ауғанстанда 23 миллион адамға шаршау мен аштық қаупі төніп тұрғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) мен Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) зерттеуінде айтылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, сәуір айынан бері Ауғанстанда азық-түлік жетіспеушілігін бастан кешірген адамдардың саны 37 пайызға өсті. Сонымен қатар, тәуекел тобында бес жасқа дейінгі 3,2 миллион бала бар.