Жаңалықтар

Әлемдік көшбасшылар 2030 жылға қарай ормандарды кесуді тоқтатуға уәде берді

Әлемнің 100 көшбасшысы орман және жерді пайдалану жөніндегі көшбасшылар декларациясына қол қойды

Глазгода өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP26) Тараптарының 26-конференциясында 100-ден астам көшбасшылар Орман және жер ресурстарын басқару жөніндегі көшбасшылар декларациясына қол қойды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес, басшылар алдағы жылдары ормандардың жойылуы мен жердің тозуын тоқтатуға және жоюға уәде берді.

Бұған қоса, әлемдік көшбасшылар осы мақсатқа жету үшін 12 миллиард долларды мемлекеттік және 7,2 миллиард долларды жеке қаржыландыруды қамтамасыз етуге уәде берді.

Ормандарды және басқа да жер үсті экожүйелерін қорғауға және оларды қалпына келтіруді жеделдетуге, ауылдардың тұрмысын жақсартуға, тұрақты ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне жәрдемдесу саясатын әзірлеуге және жергілікті қауымдастықтарға қолдау көрсетуге міндеттеме қабылданды.