Жаңалықтар

«Qatar Airways» Қазақстанға рейстерін ашады

19 қарашадан бастап

2021 жылдың 19 қарашасынан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.  

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.