Жаңалықтар

Германияда жазғы су тасқынынан келген шығын 29 миллиард еуроны құрады

Бұл сома елде 2002 және 2013 жылдары болған су тасқынынан келген шығыннан бірнеше есе көп

Германияда 2021 жылдың шілдесінде болған жойқын су тасқынынан келген шығын 29,2 миллиард еуроны құрады, деп хабарлайды Investing.com.

Бұл сома Германияда 2002 және 2013 жылдары болған су тасқынынан келген шығыннан бірнеше есе көп.

Неміс үкіметі Еуроодақ қорынан көмек сұрап Еурокомиссияға жіберген өтінішінде 2021 жылы табиғи апаттан келген шығынның жартысынан көбі Рейнланд-Пфальц федералдық штатына, 40%-ы Солтүстік Рейн-Вестфалия штатына тиесілі екені атап көрсетілген. Қалған сома Бавария мен Саксониядағы қираудың орнын толтыру үшін қажет.

Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Австрия ЕО Ынтымақтастық қорынан көмек сұрады. Енді Еуропалық комиссия барлық өтініштерді тексереді.