Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы он айда 30 пайызға өсті
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға өсіп, 115,663 млрд долларды құрады, осылайша бүкіл өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Бұл туралы РИА Новости ҚХР бас кедендік әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қытайдың Ресейге экспорты есепті кезеңде жылдық мәнде 30,6%-ға өсіп, 52,904 млрд долларды құрады, Ресейден Қытайға жеткізілім 31,2%-ға өсіп, 62,759 млрд долларды құрады.
Сонымен қатар, қазан айында Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,026 млрд долларды құрады. Ресей Қытайдан 5,504 миллиард долларға, Қытай Ресейден 7,522 миллиард долларға тауар импорттады.
2020 жылдың соңында Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2,9 пайызға төмендеп, 107,76 миллиард долларды құрады.