Инвестиция

S&P 500 индексі сегіз күн қатарынан өсті

Бұл – 1997 жылдан бергі ең ұзақ сессия

Есеп беру маусымына оптимизмге толы болжам жасалғандықтан, инвесторлардың шикізат, энергетика және технологиялық  компаниялар акцияларын сатып алуы дүйсенбі күні  АҚШ негізгі индекстерінің өсуіне ықпал етті, деп хабарлайды  MarketWatch хабарлайды

S&P 500 кең нарық индексі дүйсенбіні сегіз күн қатарынан қайталаған рекордпен жапты. Бұл – 1997 жылдан бері ең ұзақ тұрған көрсеткіш. Индекс  0,089%-ға өсіп, 4 701,70 пунктке дейін жетті. Экономиканың 11 секторының алтауы оң динамика көрсетті. Шикізат, энергетика, ақпараттық технологиялар саласы көш басында тұрса, коммуналдық сектор мен екінші қажеттіліктегі тауар шығаратын  компаниялар акциясы құлдырады. 

Ал Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,29%-ға өсіп, 36 432,22 пунктке жетті. Сессия кезінде бұл индекс  36 565,73 пунктке дейін жетіп, тәуліктік рекорд орнатты. Индекс құрамындағы  30 компанияның 16-сының акциясы өсті. Әсіресе Caterpillar, American Express, Visa компанияларының бағалы қағаздары қымбааттаса, ал Nike, Amgen, Coca-Cola акциялары біршама арзандаған. 
NASDAQ технорлогиялық индексі 0,067% қосып,15 982,36 пунктке табан тіреді. Индекс қатарынан 11 сессияда өсім көрсетіп келеді. Бұл көрсеткіш –2019 жылдың 26 желтоқсанынан бергі ең ұзақ сақталған көрсеткіш. NASDAQ-тағы 100 компанияның ішінде 44-нің акциялары қымбаттаған. 

Advanced Micro Devices, Xilinx, NVIDIA акциялары өсіп,  Peloton Interactive, Tesla, Match Group акцияларынның бағасы арзандады. 
Stoxx Europe 600 0,1% өсіп, ол да жаңа рекорд орнатты. Азиядан гонконтық Hang Seng копманиясының акциялары  0,4%-ға арзандаса, қытайдың Shanghai Composite 0,2 пайызға қымбаттаған. 

Аталмыш индекстер жұма күні АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы есепте қазан айында жаңа жұмыс орындарының саны өскенін көрсеткен соң көтерілген позициясын нығайтты. Тоқсандық жақсы көрсеткіштер де ФРЖ саясатының өзгеруі мен инфляцияға қатысты болжамға қарамастан, нарықтың тұрақты өсіміне ықпал етті. Нью-Йорк ФРЖ-сының тұтынушылардың қазан айынан не күтетініне жүргізген сауалнамасы келесі 12 айдағы инфляцияның медианалық болжамы 2013 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш – 5,7%-ға дейін көтерілгенін көрсетті.

Nationwide инвестициялық зерттеулер бөлімінің басшысы Марк Хакетт нарықты корпоративтік есеп беру маусымы басқаратынын айтады. Маусым аяқталғаннан кейін инвесторлар жаңа катализаторлар жиынтығына, соның ішінде бюджет шығындары мен экономикалық белсенділікке қатысты мәмілелерге назар аударады дейді маман. 

Refinitiv мәліметтері негізінде WSJ бұл маусымда есеп беретін S&P 500 компанияларының шамамен 81%-ының нәтижесі талдаушылар болжамынан асып түсетінін жазады. 

«Бұл расында жақсы маусым болды, сондықтан кіріс өскенінің арқасында нарық алға дамуын жалғастырады» дейді State Street Global Advisors компанясының Еуропадағы инвестициялық стратегия жетекшісі Альтаф Кассам. 

Дүйсенбі күні Федералды резервтік жүйе шенеуніктері орталық банк 2022 жылдың соңына дейін экономиканың жылдам қалпына келуіне және ұзаққа созылған жоғары инфляция кезеңіне негізделген пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін екенін хабарлады. 

ФРЖ төрағасының орынбасары Ричард Кларида ставкаларды көтеру негіздері 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асуы деген пікірін қайталады. Сент-Луис ФРЖ президенті Джеймс Буллард Fox Business-ке орталық банктің келер жылы пайыздық мөлшерлемені екі рет көтеретінін және инфляция болжамнан да тез өссе, пайыздық мөлшерлемелерді көтеру қарқыны да жылдамдауы мүмкін екенін айтқан. 

Қандай компаниялар назарда болды? 

  • PayPal дүйсенбі күнгі сауда-саттық жабылғаннан кейін, ІІІ тоқсан нәтижесін жариялады. Компания акциялары 1,6%-ға қымбаттады.
  • Tesla акциялары 4,8%-ға арзандап, 1 162,94 долларды құрады. Бұған дейін Илон Маск Twitter-де сауалнама жүргізіп, жазылушылардан компанияның 10% акциясын сату керек пе деп сұраған болатын. Пайдаланушылар негізінен «сат»  деп дауыс берді. Маск дауыс беру нәтижесін есте ұстауға уәде берді. Компания иесі жұма күнгі саудада 21 миллиард доллар жинай алады.
  • Live Nation Entertainment жұма күні кешке Хьюстондағы музыка фестивалінде сегіз адам қаза тауып, көптеген адамдар жарақат алғаннан кейін 5,4%-ға арзандап, 117,14 долларға дейін төмендеді. Бұл ойын-сауық компаниясы фестиваль промоутерінің иесі. 
  • •Фитнес жабдықтарын өндіруші Peloton Interactive акицялары жұма күні 35%-ға құлдырап, дүйсенді тағы да 7,9%-ға, 51,25 долларға дейін арзандады. Өткен аптада компания пандемия аздап басылып, адамдар дәстүрлі спорт залдарына қайта оралып жатқандықтан, оның онлайн жаттығуларына қосылатын кісілердің қатары азайып келеді деп мәлімдеді. 

АҚШ-та BioNTech, Cardinal Health, Coinbase Global, DoorDash, D.R. Хортон, Palantir Technologies және Sysco компаниялары есеп беріп жатыр.