Жаңалықтар

Түркістанға келушілер саны 1 млн-нан асты

2020 жылға қарағанда 5,5 есе өскен

2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Түркістан қаласына келушілер саны 1 247 265 адамды құрап, 2020 жылға қарағанда 5,5 есе өскен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Ал ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысында орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 95 587 адамды құрады. Бұл туралы брифингте облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында 8 туристік нысан пайдалануға берілген. 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1 млрд 787 млн 125,3 мың теңгені құраған.