Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың бүкіл үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Жапония үкіметі басшысының кеңсесі хабарлады, деп хабарлайды ТАСС.
Министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында Премьер-министр барлық үкімет мүшелерінің отставкаға кету туралы өтініштерін жинады. Жаңа үкімет жасақталғанға дейін олар өз ведомстволары басшыларының міндетін атқарушы болады.
10 қараша күні түстен кейін Жапония парламенті Кисиданы 101-ші премьер-министр етіп қайта сайлайды. Осыдан кейін жаңа үкіметтің құрамы белгілі болады. Онда тек Сыртқы істер министрі ғана өзгереді.
Биліктегі Либералдық-демократиялық партияның (ЛДП) бас хатшысы болған Тошимицу Мотегинің орнына сыртқы істер министрлігін бұрын бірнеше министрлік қызметте болған Йосимаса Хаяши басқаратын болды.
Кисида 29 қыркүйекте билік партиясының төрағасы қызметіне кірісіп, 4 қазанда премьер-министр болып сайланды. Оның бұл қызметке қайта тағайындалуы парламенттің төменгі палатасына 31 қазанда өткен сайлаудан кейінгі ресми рәсім болып табылады. Олардан кейін ЛДП кейбір мандаттарынан айырылды, бірақ абсолютті көпшілікті (465 орынның 261-і) сақтап қалды.