Жаңалықтар

Францияның 80% тұрғыны екпе алған

Эммануэль Макрон Францияны әлемдегі ең қорғалған елдердің біріне айналдыратынын айтты

Францияның 66 миллионға жуық тұрғынының 51 миллионы (80%) КВИ-ге толығымен егілді, – деді Президент Эммануэль Макрон Францияны әлемдегі ең қорғалған елдердің біріне айналдыратынын атап өтті. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram ккканалы хабарлады.

 Бірақ сонымен бірге ол сақтық шаралары туралы да еске салды, өйткені пандемия әлі аяқталған жоқ.

  «Ондаған мың отандасымыз covid-19-дың ұзаққа созылатын түрімен ауырады, бұл иіс жоғалуы және психикалық денсаулығының нашарлауы сияқты белгілерде көрінеді. Әлем халқы толық вакцинацияланғанға дейін біз вирустармен және оның штамдарымен өмір сүріп үйренуі керек», – деп қорытындылады Макрон.

  Францияда КВИ-ге қарсы иммунизацияға 12 жастан бастап рұқсат етілген. Президент тағы бір мәрте азаматтарды қалыпты өмір сүру үшін вакцинациядан өтуге шақырды.