Жыл басталғалы тоғыз айда ірі бизнес субъектілерінен мемлекетке 3 302,3 млрд теңге көлемінде қаржы түсіпті. Былтырмен салыстырғанда 1 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға өскен. 343 ірі салық төлеушінің 98-і – жер қойнауын пайдаланушылар, 244-і – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер, оларға мемлекеттік бюджетке 447% және республикалық бюджетке 51% дан астам салық түсімдері тиесілі екен.
«Экономика секторлары бойынша көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 275 млрд теңгеге; өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 185 млрд теңгеге; қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге; құбыржолы арқылы тасымалдау 39%-ға немесе 33 млрд теңгеге өсті. Түсімдердің артуы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне сай келді. Биыл 9 айда 34 ірі салық төлеушіні салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерул нәтижесінде 46,5 млрд теңге салық пен өсімпұл қоса есептелді» дейді мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов.
Оның сөзінше, 2021 жылы ірі салық төлеушілердің мониторингін оңтайландыру үшін ірі салық төлеушілердің нысаналы топтары айқындалған. Мәселен, салықтық мониторинг шеңберінде, жүргізілген жұмыс нәтижесіндегі салықтық түсімдер 42 млрд теңгені құрады. Департамент директорының айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар ел бюджетінің негізгі донорларының біріне айналып отыр. Қазір олар республикалық бюджеттің 35%-ына және Ұлттық қордың 99,9%-ына дейінгі түсімдерді қамтамасыз етеді
Спикердің ақпараты бойынша әлемде де, біздің мемлекетте де жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың ерекшелігі бірегей, ал өнімді бөлу туралы келісімдер күніне салық режимінің тұрақтылығымен ұсынылған.
Сондай-ақ Сүлейменов мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді реформалауға және оңайлатуға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі күні цифрлық шешімдерді енгізу мен қашықтан әкімшілендіруді дамытуда оңайлатудың әлеуеті байқалуда, оның басымдығы транспаренттік қатынастарға негізделген жаңа жоба – деңгейлес мониторинг.
Оның айтуынша, елімізде 2020 жылғы шілдеде деңгейлес мониторингті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп оны жүргізу қағидалары бекітілді, сондай-ақ салық төлеушілердің санаттары айқындалды.
Ол бойынша:
• Салық төлеушінің тіркелген активтері кемінде 325 000 еселенген АЕК құрауы тиіс;
• Салық төлеуші төлеген салық сомасы – 1 млрд. теңгеден кем емес;
• Салық төлеуші автоматтандырылған бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуі тиіс;
• Салық төлеуші қаржылық есептілік пен ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етуі тиіс;
Сонымен қатар:
• Акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке, яғни квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі салық төлеушілер;
• Өнімді бөлу туралы келісімде көрсетілген сенім білдірілген тұлғалар немесе жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниялары;
• Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар да пилоттық жобаның қатысушылары бола алады.
Бүгінгі таңда 10 ірі салық төлеуші пилоттық жобаның қатысушылары, экономиканың түрлі секторларындағы тағы 20 компаниямен келіссөздер жүргізілуде.
Спикер келер жылдан күшіне енетін салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы да егжей-тегжей айтып берді.
«Келесі жылдың қаңтарынан бастап «Google-ге салық» деп аталатын сандық салық енгізіледі, ол шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік береді. Оны шетелдік компаниялар интернет-сайттардың электрондық сервистері арқылы тауарлар мен қызметтерді сату кезінде төлейтін болады. Бұл жаңа салық емес – бұл қосылған құн салығы аясында. Төлем сол 12% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі» дедімемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.
Спикердің айтуынша, экспорттаушыларды ішкі нарықта валюталық түсімді сатуға ынталандыру мақсатында 80% мөлшеріндегі қайтарудың жеңілдетілген тәртібі сияқты жеңілдікті ұсыну көзделіп отыр. Жеңілдік экспорттан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын сататын экспорттаушыларға қолданылатын болады.
«Сондай-ақ, ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі енгізілмек. Бұл ҚҚС бойынша есепте тұрған, бірақ ешқандай операциялар мен өзара есеп айырысулар жүргізбеген, қызметпен айналыспаған салық төлеушілердің санаты. Егер қазір жою үшін салықтық тексерулер жүргізіліп жатса, болашақта камералдық бақылау арқылы жеңілдетілген тәртіп арқылы таратуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап салық берешегінің шекті шегі белгіленді, бұл 6 АЕК, одан төмен шоттарға тыйым салу шаралары қолданылмайды» деді департамент директоры.
Сонымен бірге сандық майнинг үшін де төлем енгізілген, яғни сандық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлейді. Ставка 1 теңге мөлшерінде 1 киловаттқа теңестіріледі.