Жаңалықтар

Қырғызстанда халық санағына дайындық басталды

Санақ 2022 жылы өтеді

Қырғызстанда 2022 жылғы халық және тұрғын үй санағына дайындық басталды. Тиісті шешімге министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Қаулыға сәйкес, келесі жылдың 25 наурызы мен 3 сәуірі аралығында республика аумағында халыққа сауалнама жүргізу арқылы халықты және тұрғын үй қорын санау жүргізіледі. Елдің шалғай аймақтарында келесі жылдың 23 сәуірі мен 2 мамыры аралығында өтеді.

2022 жылғы Халық және тұрғын үй қоры санағын өткізу жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілді. Оның төрағасы премьер-министрдің орынбасары болады.

Келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін халық санағы жүргізілуіне байланысты елді мекендер мен көшелердің атауларын өзгерту жұмыстары тоқтатылды.

Еске сала кетейік, өткен жылы жалпы халық санағы өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирустың өршуіне және оқшаулауға байланысты ол белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.