Австрия 15 қарашадан бастап вакцина алмаған адамдар үшін локдаун енгізеді

Жарияланды
Шектеулер 12 жастан асқан барлық азаматтарға қатысты

Австрия 15 қарашадан бастап коронавирус инфекциясынан вакцина алмаған адамдар үшін локдаун енгізеді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram ккканалы хабарлады.

Егілмеген адамдар үйден тек супермаркетке, дәріханаға, мұқтаж адамдарға көмектесу үшін, жұмысқа, серуендеуге бара алады. Шектеулер 12 жастан асқан барлық азаматтарға қатысты.

Вена билігі ковидтің таралуына жол бермеу мақсатында шектеулерді күшейтуді жоспарлауда. Жаппай спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу үшін вакцина алған және ауырудан жазылған адамдарда коронавирусқа теріс ПТР тесті болуы керек. Мұндай тест тек 48 сағатқа жарамды болады.

Әлемде қыркүйек айының соңынан бастап бір апта ішінде ковидпен ауыратындардың ең көп саны тіркелді. Дүниежүзінде коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны жеті күнде 3,4 млн-ға өсті.  Ковидтен қайтыс болғандар саны да артып келеді. Жеті күн нәтижесі бойынша коронавирустан 50,9 мың өлім тіркелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз