Жаңалықтар

Мароккода 20 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

37 адам жарақат алды

Марокконың солтүстігінде 20 көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости MAP сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, жол апаты жексенбі күні Марокко астанасы Рабаттан Кенитра қаласына апаратын тас жолда болған. Сиди-Таиби коммунасының маңында көліктер соқтығысты.

Оқиға орнына корольдік жандармерия мен азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері келді. Үшеуі ауыр жарақат алған зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

 Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.