Жаңалықтар

АҚШ-та үш қар барысы коронавирустан өлді

Небраска штатындағы Линкольн хайуанаттар бағында

Небраска штатындағы Линкольн хайуанаттар бағында үш қар барысы коронавирустың асқынуынан өлді, деп хабарлады  Associated Press .

Айта кетейік, екі суматран жолбарысы да COVID-19 хайуанаттар бағында жұқтырған және сауығып үлгерген. Өлген барыстар сияқты олар да өткен айда ем ала бастады.

Хайуанаттар бағы келушілер үшін ашық және оларды санитарлық тәртіпте қабылдауды жалғастырады.

Қар барысы Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген және ол мекендейтін 12 елдің барлығында: Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Үндістан, Қырғызстан, Непалда Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Бутанда сирек кездеседі немесе жойылып бара жатыр.