БҰҰ Эфиопияға 40 миллион доллар бөлді
Жарияланды
25 миллион доллар CERF бюджетінен бөлінетіні атап өтілді
БҰҰ Эфиопияға жалпы сомасы 40 миллион доллар гуманитарлық көмек береді, – деп хабарлайды РИА Новости Төтенше жағдайларға ден қою орталық қорына сілтеме жасап.
25 миллион доллар CERF бюджетінен бөлінетіні атап өтілді.
Сондай-ақ бөлінген қаржы елдің солтүстігінде қақтығыстар орын алған гуманитарлық операцияларды жандандыруға көмектесуі керек екені хабарланды.
Бұған дейін БҰҰ Эфиопияда ұсталған ұйымның тоғыз қызметкерін босатуды талап еткен.