Жаңалықтар

Испанияда жергілікті ковид вакцинасын 1 мың еріктіге сынақтан өткізу мақұлданды

Сербия "Спутник лайтты" қолданған Еуропадағы алғашқы ел болады

Испанияда жергілікті ковид вакцинасын 1 мың еріктіге сынақтан өткізу мақұлданды.Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

Премьер-Министр Педро Санчес Hipra вакцинасын клиникалық сынаудың екінші кезеңі 10 аурухана кешенінде өтіп, Испания Үкіметінен 15 миллион евро көлемінде көмек алатынын айтты. 

Куба республикаға кірген кездегі ковидті анықтау үшін тапсыратын міндетті ПТР сынақтарын алып тастады. Вакцинацияланған туристер елге кіру үшін вакцинация сертификатын ұсынуы керек. Бүгінгі күнге дейін ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама барлық келушілерден талап етіліп келді.

Сербия «Спутник лайтты» қолданған Еуропадағы алғашқы ел болады. Сербиялық тарап ресейлік вакцинаны тіркеу рәсімін бастады.  Сонымен қатар Инновациялар және технологиялар министрі Ненада Попович Сербия аумағында «Спутник V» вакцинасын шығаруға мүмкіндігі үшін Ресей елі мен Владимир Путинге алғыс айтты.