Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында автобус апатқа ұшырап, кем дегенде сегіз адам қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат алды.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.
Белгілі болғандай, оқиға Мааньшань қаласының ауданында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде орын алған.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.