Бразилияда қымбатшылық артып барады. Өткен айда инфляция 11 процентке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.
Бұл кейінгі 5 жылда болмаған көрсеткіш. Елде су, электр қуаты мен азық-түлік 20 процентке қымбаттады.
Ал газ бағасы небәрі 1 жарым айда 3 есе өскен.
Жұмыссыздық көрсеткіші 13 проценттен асады.