Илон Масктың інісі қалай инвестиция жасайды?
Илон Масктің інісі Кимбал Маск 5 қараша күні Tesla акцияларын сатып, 109 миллион доллар тапты. Кимбал автоконцернге қашан қаржы құйғаны және тағы қайда инвестия салатыны жайлы айтып өтеміз.
Миллиардер Илон Маск соңғы жеті сауда күнінде Tesla акцияларын 8,8 миллиард долларға сатқан. Ал Кимбал Маск мәміле жасалмас бұрын өз акцияларының 15 пайзызын сатып, автоконцерн қағаздарының құнын 109 миллион долларға «түсіріп жіберді».
Алайда Кимбалдың мәмілесі туралы жаңалықтың ақпараттық дақпырты әлдеқайда күшті болды. Себебі ол акцияларын 5 қарашада – Илон Маск Twitterде оқырмандарынан «компания акцияларын сату керек пе» деп сұрардан 1 күн бұрын сатып жіберген. Содан кейін қағаз құны төмендеп кетті. Илон Масктың сауалнамасынан 2 күннен кейін компания акциялары 12 пайызға арзандап, оның байлығы 50 млрд долларға кеміп кетті.
Маскты осы сауалнамасына байланысты Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы тарапына тағы да жайсыз жаңалық күтіп тұруы мүмкін.SEC 2018 жылы Илон Маскты Twitter-дегі жазбасына байланысты сотқа берген. Ол кезде Миллиардер Tesla-ны жеке компания етуге жеткілікті қаржы таптым мәлімдеген болатын. SEC пен бизнесмендер Маск Tesla бас директоры қызметінен кетіп, аузынан шыққан әр сөзін әлеуметтік желіде жарияламас бұрын, компания заңгерлерімен кеңесіп, келісуі керек деп шешкен.
Ағалы-інілі Масктардың компания басшылығында отыруы өздеріне тиімсіз болды. 2018 жылы кейбір инвесторлар Кимбалды Tesla директорлар кеңесінен шығаруға тырысты. Наразы акционерлер Кимбал Масктың отбасылық байланыстары оның басқарманың тәуелсіз мүшесі болуына кедергі келтіретінін алға тартты. Сондай-ақ инвесторлар Кимбаллдың «автокөлік өнеркәсібінде кәсіби тәжірибесі жоқ» және «Чипотледе қоғамдық компанияның басқарма мүшесі ретінде тиімсіз болғанын» айтты. 2021 жылдың қазан айында Institutional Shareholder Services консалтингтік компаниясы Кимбол Маск пен Джеймс Мердок (миллиардер Руперт Мердоктың ұлы) «опцион түрінде тым көп өтемақы алады» деп, Tesla директорлар кеңесінен шығарып тастауды ұсынады.
Кимбал Теслаға қалай келді?
1990-жылдары ағайындылар Онтариодағы Квинс университетінде (Илон Маск кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетіне ауысты) оқыған. Сол жазда студенттер жұмыс істеу үшін Жаңа Шотландия банкінің топ-менеджері Питер Николсонмен хабарласады. Олар жұмысқа орналақанымен, көп ұзамай инвестициялық банкингтен көңілі қалған.
«Банкирлер бай, оған қоса ақымақ» дейді кейінірек Илон Маск.
1995 жылы ағайындылар Zip2 газетінің бағдарламалық жасақтамасын тарату мен лицензиялау компаниясын құрады. 1999 жылдың ақпанында стартапты Compaq Computer сатып алды. Мәміле нәтижесінде Илон Маск 22 миллион доллар, Кимбал 15 миллион доллар иеленеді.
Бір айдан кейін Илон Маск жаңа стартап – X.comды (кейінірек PayPal жүйесінің бөлігіне айналды), іске қосып, ал Кимбал Маск ағасының жобасына инвестор болды. 2002 жылы PayPal-ды eBay 1,5 миллиард долларға сатып алды. Бірақ оған дейін де Кимбал технология бизнесінен шаршағанын түсініп, бала кезінен қызыққан ісі – аспаздықпен айналысқысы келіп, 2001 жылы Нью-Йорктегі әйгілі француз аспаздық институтын бітіреді.
2004 жыл ағайындылар үшін айтулы жыл болды. Илон Tesla-ға 6,5 миллион доллар инвестиция салып, компанияның ең ірі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы атанды. Кимбал Тесланың директорлар кеңесіне қосылып, автокөлік компаниясына инвестиция салды. Дегенмен, бұл инвестиция көлемі туралы ашық дереккөздерде ақпарат жоқ. Сол жылы Кимбал өзінің алғашқы мейрамханасын ашқан.
Алайда 2008 жылғы дағдарыс кезінде Кимбал барынан айырылып қалады
Бұл кезеңді Илон Масктың інісі: «Мен банкрот болуға шақ қалдым» деп сипаттайды.
Соған қарамастан, ол қолындағы барын сол кезде банкрот болайын деп Теслаға салып, автоконцерннің 594 857 акциясын сатып алады. Сондай-ақ, Кимбалдың сол уақыттан бері компанияға қанша инвестиция салғаны туралы ашық ақпарат жоқ.
2010 жылы өткізілген IPO-дан бері Кимбал Маск автоөндіруші компания акцияларын 230 миллион долларға сатқан.
Одан бөлек Кимбал ағасының тағы бір компаниясы – SpaceX компаниясында шағын үлесі болуы мүмкін. Сонымен қатар Кимбал компанияның директорлар кеңесіне кіреді.
MarketWatch 5 қараша күні Кимбал Маск акцияларын сатпас бұрын, Tesla-ның 25 мың акциясын бір данасын $74,17 сатып алу опциясын пайдаланып, оларды бірден бір қағаз үшін $1 223-тен $1236-ға дейінгі бірнеше траншпен сатқан деп нақтылайды. Басылымның мәліметінше, Кимбал Маск қазір Tesla-ның 511 мыңнан астам акциясын иеленеді. Оның байлығы, Forbes бағалауы бойынша, шамамен 700 миллион долларды құрайды.
Не ексең, соны орасың…
Ағасы әлемді «жасыл» көлік шығарып, ғарыштық бағдарламаларды дамыту арқылы өзгертіп жатса інісі әлем дамуына дұрыс тамақтану арқылы үлес қоспақ. Қазіргі кезде оның иелегіндегі The Kitchen – Америка Құрама Штаттарының бірнеше қалаларында орналасқан мейрамханалар желісі. Кез келген жақсы отбасы секілді, The Kitchen де америкалықтарды қарапайым, пайдалы аспен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сыншылар да мұны атап өткен: The Kitchen бірнеше рет елдегі ең жақсы мейрамханалардың бірі ретінде танылған.
Кимбал Масктың Chipotle мейрамханалар желісінде де үлесі бар (директорлар кеңесінің мүшесі болған), ол шамамен 2 миллион долларға бағаланады.
2011 жылы Кимбал Big Green коммерциялық емес ұйымын құрды. Өз кезегінде ұйымның америкалық мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануына арналған Learning Gardens бағдарламасымен аты шықты. Жоба аясында мектеп жанынан бау-бақша салынып, қазір олардың саны 600-ге жеткен.
Кимбалдың келесі қадамы – 2016 жылы Square Roots құру болды. Ол тамаққа пайдаланылатын көкөніс пен шөп өсіруді қолға алды. Алайда бұл жобаның ерекшелігі – көк-сөк ірі бау-бақшада емес, Нью-Йорктің ең тығыз қоныстанған аудандарының бірі – Бруклинде өсірілді. Бұл идея «тік ферма» деп аталады.Қала тұрғындарын атыздан жаңа жұлынған көкшөппен қамтамасыз ету үшін, өсімдік жасанды жарықтандырылатын, көп орын алмайтын көлденең қатарларға отырғызылып, өсіріледі. Бұл жаңа идея емес, дегенмен, Кимбол Маск оны кеңейтіп, Американың барлық қалаларын, содан кейін бүкіл әлемді табиғи, жоғары сапалы тағаммен қамтамасыз етуден үмітті.
«Өзің еккенді же» тұжырымдамасы әсіресе былтыр локдаун кезінде өте өзекті болды. Маск Modern Farmer баспагері Фрэнк Густамен бірлесіп, Million Gardens (MGM) қоғамдық қозғалысын бастады. Мұндағы мақсат – титтей жерде, мейлі терезенің алды, кіреберіс, баспалдақ болсын – әр үйдің бақшасы мен бақшасы болып, ең бастысы – әркім өзіне керек көкөністі өсіріп жеуі.
MGM сайтында осындай 14 мыңнан астам шағын бақ тіркелген, олардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді Бағбандар тізімінде әнші Николь Шерзингер, актерлер Харрисон Форд пен Зоои Дешанель, әйгілі модель Мэй Маск (Кимбалдың анасы) және ағасы Элон бар.