600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан ШҚО тұрғыны анықталды

Жарияланды
Ол 3 жылға шартты түрде сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Баррель» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде мұнай өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз өткізу дерегінің жолын кесті. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында Үржар ауданының тұрғыны С.Каленова 151 млн. теңге сомасына 600 тоннадан астам дизель отынын олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз сатқаны анықталды.

Ол 3 жылға шартты түрде сотталды. 

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы елдің «көлеңкелі» экономикасының ауқымына әсер етеді және жекелеген қылмыстық топтардың қызметін қаржыландыру көзі болып табылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз