EGov mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Отбасы банк» АҚ клиенттері енді қызметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша ала алады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Цифрлық құжат жеке куәлік түпнұсқасының аналогы болып табылады.
«Цифрлық құжаттарды қазірдің өзінде бүкіл ел бойынша көптеген салаларда қолдануға болады, бірақ компаниялар өз клиенттеріне қызметтерді пайдалануға ыңғайлы болуы үшін интеграциялар жүргізіп, тиісті жабдықтар сатып алуы маңызды. Отбасы банк өз клиенті үшін уақытты үнемдеудің маңыздылығын түсіне отырып, олардың клиенті қажетті документтерді рәсімдеу кезінде смартфоннан цифрлық құжаттарды пайдалана алуы үшін қажетті цифрлық интеграциядарды жүзеге асырды. Біз азаматтар үшін де, бизнес үшін де көптеген процестерді жақсарта және оңтайлата отырып, болашақты құрудың бастауында тұрғанымызға қуаныштымыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Отбасы банк клиенттері салым ашу кезінде цифрлық жеке куәлік пен цифрлық туу туралы куәлік сияқты цифрлық құжаттарды пайдалана алады. Жақын арада цифрлық жеке куәлікті кредиттік, кредиттен кейінгі және депозиттен кейінгі операцияларда да пайдалануға болады.
«Отбасы банкінде өз баспанасына 2 миллион қазақстандық ақша жинайды. Тек осы жылы ғана 480 мың адам жаңа депозиттер ашты. Ыңғайлы сервистерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы әріптестермен берлесіп, біздің бөлімшелерімізге өтініш білдіргендер үшін дамытамыз. Енді олар сандық жеке куәлікті қолдана алады. Мысалы, егер біздің клиент үйінде құжатты ұмытып кетсе, бұл опция өте ыңғайлы. Біз ол клиентке қызмет көрсетеміз»,- деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ляззат Ибрагимова.
Осы процесс іске қосылған сәттен бастап 1200 – ден астам адам цифрлық құжаттарды пайдалана отырып, электрондық үкіметтің eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы «Отбасы банк» АҚ қызметтерін пайдаланды.
Жаңа қызметті қолдану үшін:
– eGov mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
– «Сервистер» бөлімінен «Цифрлық құжаттарды» таңдаңыз;
– керек құжатты таңдаңыз;
– «Қол жетімділікті ашу» батырмасын басыңыз;
– банк менеджеріне смартфон экранында көрсетілген алты таңбалы қысқа кодты хабарлаңыз. Код автоматты түрде жасалады және ешқашан қайталанбайды.
Банк менеджері өзінің деректер базасына бірегей қысқа кодты енгізеді және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.
Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.
Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Түркістан, Тараз қалаларының әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалында вагонға отырғызу кезінде, сонымен қатар банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.