Дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбінесе теріс болды

Жарияланды
Тек үнді рупиясы нығайды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 19 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,2%-ға (429,59 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 430,43 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбінесе теріс болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-та маңызды деректер шыққаннан кейін доллардың нығаюы дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсетті, ол өз кезегінде ФРЖ-ның саясатты күшейтуге ертерек көшуге қатысты ұсыныстарын қолдайды. Сондай-ақ жаһандық инвесторлар Еуропадағы Covid-19 пандемиясының кезекті өршуі аясында тәуекелі бар активтер дәрежесінің төмендегенін көрсетуде.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының [1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

үнді рупиясы мұнай бағасының құлдырауы және ішкі IPO-ға байланысты шетелдік инвестициялардың әкелінуі аясында 0,3%-ға (74,44-тен 74,24-ке дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы АҚШ долларының нығаюы аясында 0,1%-ға (14219-дан 14232-ге дейін) әлсіреді;
Ресей рублі Еуропадағы пандемияның қайта өршуі ықпалынан мұнай нарығының құлдырауы және геосаяси толқудың жалғасуы аясында 0,9%-ға (72,85-тен 73,49-ға дейін) әлсіреді;

Мексика песосы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында 1,5%-ға (20,52-ден 20,83-ке дейін) әлсіреді;

Оңтүстік Африка ранды Орталық банктің пайыздық мөлшерлемесін 3,75%-ға (25 б. п.) көтерілуіне қарамастан доллардың нығаюы аясында 2,6%-ға (15,33-тен 15,73-ке дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы Covid-19-дың кезекті жаңа толқынына қатысты қауіптің күшеюіне байланысты тәуекел-сентиментінің төмендеуі аясында 2,7%-ға (5,46-дан 5,61-ге дейін) әлсіреді;

түрік лирасы Түркия Орталық банкінің жоғары инфляцияға қарамастан есептік мөлшерлемені 15%-ға дейін төмендету туралы кезекті шешімі аясында 12,9%-ға (10-нан 11,29-ға дейін) әлсіреді.

 

Сондай-ақ оқыңыз