Жаңалықтар

Қазақстан ОПЕК+ алдындағы міндеттемелерін 95%-ға орындады

2020 жылдың мамыр айынан бастап

Қазақстан 2020 жылдың мамыр айынан бастап ОПЕК+ алдындағы міндеттемелердің орындалуын 95% деңгейінде бағалайды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Қазан айында Қазақстан үшін квота тәулігіне 1 524 мың баррель деңгейінде белгіленгені атап өтілді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, тәулігіне 1 599 мың баррель өндірілген.

Интерфакстың хабарлауынша, мұнай өндіруді шектеу жөніндегі ОПЕК+ келісімі 119%-ға орындалды, бұл тұтынушылардың көбірек мұнай сұрайтынын ескерсек, нарыққа жоспарланғаннан 560 мың баррель аз жеткізілді деген сөз.

Нигерия, Ангола, Конго, Экваторлық Гвинея мұнай өндіруді келісілген деңгейге дейін арттыра алмады.