Жаңалықтар

Қытайдағы көліктер саны жыл соңына дейін 300 миллионнан асады

Автокөлік сатудың негізгі бөлігін электрлі көліктер құрайды

2021 жылдың соңына қарай Қытайда тіркелген көліктер саны 300 миллионнан асады. Бұл туралы Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы (CAAM) бас хатшысының орынбасары Си Цзиньхуа Аньхой провинциясының астанасы Хэфэйде өткен Дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіп конгресінде айтты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Оның айтуынша, қыркүйек айының соңында тіркелген көліктер саны 297 миллионға жеткен.

Си Цзиньхуа 2021-2025 жылдары автокөлік нарығы жыл сайын орта есеппен 4 пайызға өсіп, 2021 жылдың соңына қарай тіркелген көліктер саны 300 миллионнан асады деп болжаған.

Екінші жағынан, Қытайдағы электр көліктерінің сатылымы бензин мен дизельді көліктерге қарағанда жылдам өсуде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаңтар-қазан аралығында электрмен жүретін көліктердің жалпы өндірісі мен сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге өсті.

Осы кезеңде электр көлігінің сатылымы Қытайдағы жалпы автокөлік сатылымының 11 пайызын құрады.