Жаңалықтар

АҚШ тәуекелі жоғары елдердің тізімін әзірлеуде

Елдегі азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін

Америка Құрама Штаттары азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тәуекелі жоғары елдердің тізімін әзірлеуде. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) COVID-19 аурушаңдығы өршіп тұрған Германия мен Данияға сапарларды шектеуді ұсынады.

Хабарламада қауіптің «төртінші деңгейі» берілген осы екі еуропалық елге барудан бас тарту, ал ол мүмкін болмаған жағдайда сапарға шығу үшін алдымен толық вакцинациядан өту керектігі туралы мәлімделген. CDC қалыптастырған тізімге соңғы айда 100 мың адамға шаққанда 500-ден астам COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген 75 ел енген.