Израильде бес жасар балаларды індетке қарсы егуді бастады
Израильде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға COVID-19-ға қарсы екпе сала бастады, деп хабарлайды Интерфакс Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жас тобындағы екпелерге сұраныс бірінші күні төмен болғандықтан, Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт басқа ата-аналарды балаларын вакцинациялауға ынталандыру үшін ұлына екпе салуды шешті, деп атап өтті AP.
«Бұл біздің балаларымызды да, олардың ата-аналарын да қорғайды», – деді Беннетт оның тоғыз жасар ұлы Дэвид вакцинаның алғашқы дозасын алған кезде.
Қазіргі уақытта Израильде күнделікті COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны азаюды жалғастыруда, алайда елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, вирустың жаңа жағдайларының көпшілігі балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Атап айтқанда, 5 пен 11 жас аралығындағы балалар аурудың белсенді жағдайларының жартысына жуығын құрайды.
Израиль билігі балаларды вакцинациялау ауруды азайтады және коронавирустың жаңа толқынын болдырмайды деп күтеді.