Татарстанда жаңа ковид шектеулері енгізілді, оған сәйкес тек QR кодын алған жолаушылар қоғамдық көлікте жүре алады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Өңірдегі билік шектеулерді екі апта бұрын жариялағанымен, көпшілігі жаңа шарттарға дайын болмады. Кейбір станцияларда ұзын-сонар кезек пайда болып, мыңнан астам жолаушы көлікке мүлдем кіргізілмеді.
Желтоқсан айында Ресей билігі мұндай шаралар бүкіл Ресейге таратылатын заң жобасын қарастыруды жоспарлап отыр.