Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының эскиздері бар жазбалары аукционда 11,6 миллион еуроға (13 миллион доллар) сатылды. Бұл туралы 24.kg агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Christieʼs аукцион үйі Эйнштейн мен оның әріптесі Мишель Бессоның қолжазбалары аукционға қойғаны атап өтілді.
Жабалар 54 беттен тұрады, шамамен жартысы Эйнштейннің өз қолжазбасымен толтырылған. Бұл жазбалар өзінің әйгілі теориясына жақындаған екі белгілі жұмыс құжаттарының бірі.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл қолжазба Эйнштейннің жақын досы әрі ғылыми серіктесі, 1913-1914 жылдар аралығында еңбектің авторлары болған швейцариялық физик Мишель Бессоның қолында болған.
Париждегі аукционды өткізген Christie’s сарапшысы Винсент Беллой Эйнштейннің 1919 жылға дейінгі жұмыс құжаттары өте сирек болғанын, өйткені ғалым өте аз жазбалар жүргізгенін атап өтті.
«Сондықтан, қолжазбаның сақталып, бізге жеткені оны мүлдем ерекше етеді», – деді ол.
Сатылған лот Францияда аукционға қойылған ең қымбат ғылыми қолжазба болды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.