Ақтөбе облысында халыққа виртуалды жер учаскелерін сатқандар ұсталды

Жарияланды
Қаржы пирамидасының белгілері бар «Crowd 1» компаниясы анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржылық пирамида белгілері бар «Crowd 1» компаниясы қызметінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Crowd 1» халықаралық желілік ұйымы ретінде көрсете отырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша құны мен түрлері бойынша әртүрлі «пакеттерге» ақша қаражатын инвестициялауды ұсынғаны анықталды.

Тергеу «пакеттердің» келесі түрлерін анықтады – ақ, қара, алтын және титан, олардың құны 99-дан 2 499 еуроға дейін жетеді.

Осылайша, ұйымдастырушылар активтерді компанияға тартуды қамтамасыз етті және кепілдендірілген пайда алуға уәде беріп отырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды .

Қаржы пирамидасын құру және ұйымдастыру – бұл жағымсыз салдары сөзсіз болатын әлеуметтік қауіпті әрекет.

Кез келген қаржы пирамидасының негізгі белгілері – бұл қомақты ақша салу және үстеме пайда табу уәдесі, жаңа серіктестерді міндетті түрде тарту және азаматтардан ақшалай қаражат алуға лицензияның болмауы болып табылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз