Жаңалықтар

Лионель Месси «Алтын доп-2021» иегері атанды

Аргентиналық футболшы бұл жүлдені жетінші рет жеңіп алды

ПСЖ клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылы француздық France Football журналы ұсынған «Алтын допты» жеңіп алды.

Әлемдік футболдағы ең беделді жеке жүлдеге дауыс беруде екінші орынды мюнхендік «Баварияның» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски иеленді. Үшінші орын «Челсидің» италиялық жартылай қорғаушысы Жоржиньоға бұйырды.

Толығымен алғашқы он лауреат келесідей:

1. Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)

2. Роберт Левандовски (Бавария, Польша)

3. Жоржиньо («Челси», Италия)

4. Карим Бензема («Реал», Франция)

5. Н’Голо Канте («Челси», Франция)

6. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», Португалия)

7. Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр)

8. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия)

9.Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)

10. Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ, Италия).

Бұл 34 жастағы футболшының мансабындағы жетінші, рекордтық «Алтын доп» – бұған дейін Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015 және 2019 жылдары үздік деп танылған болатын.

Өткен жылы коронавирустық пандемияға байланысты дауыс беру және марапаттау рәсімі өткізілмеді.