Жаңалықтар

АҚШ-тың бас инфекционисті омикрон штаммының ерекшеліктерін атады

1 желтоқсанда АҚШ-та омикрон штаммын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Америка Құрама Штаттарының бас инфекционисті омикрон штаммының ерекшеліктерін атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Дәрігер коронавирустың омикрондық штаммының пайда болуы жағдайында медициналық бетперде кию сақтық екенін атап өтті.

 «Мутациялардың молекулалық профилі оның оңай жұғуы мүмкін екенін және вакциналар беретін қорғаныстан ішінара аулақ бола алатынын көрсетеді. Бірақ біз нақты білмейміз… Біз дайын болуымыз керек», – деді АҚШ-тың бас инфекционисті Фауки.

 «Екпе салыңыз, егер сізге қосымша екпе қажет болса, оны алыңыз.  Егер сіз қоғамдық орындарда болсаңыз және басқалардың вакцинация мәртебесін білмесеңіз маска киген дұрыс », – деді Фауки.

1 желтоқсанда CNN Америка Құрама Штаттарында омикрон штаммын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады. Елдің бас инфекционисті бұл ақпаратты растады.