Жаңалықтар

Грузия «жасыл төлқұжат» деп аталатын вакцинациялау паспортын енгізді

Бұл төлқұжат 18 жастан асқан азаматтарға қоғамдық орындарға бару құқығын береді

Грузия «жасыл төлқұжат» деп аталатын вакцинациялау паспортын  енгізді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

 Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес, толық вакцинацияланған, ПТР-тестілеуден өткен немесе инфекциямен ауырып сауыққан адамдар ғана тамақтану орындарына, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, театрларға, мұражайларға, концерт залдарына және басқа да қоғамдық пайдалану орындарына бара алады.

Қазіргі уақытта Грузияда коронавирустың тіркелген жағдайларының саны 850 102-ге жетті, сонымен қатар 12 119 адам қайтыс болды.