Банк пен қаржы

Халықтың жыл басынан бері алған несиесі 32 пайызға өскен. Қаржы нарығындағы жағдай қандай?

ҚНРДА қаржы секторына шолуын жариялады

Жыл басынан бері жеке тұлғалар алған кредит 32 пайызға, ал бір айда 3,5 пайызға өсіп, 9,93 трлн теңгеге жеткен. Қазақстан қаржы нарығы реттеу және дамыту агенттігі еліміздің қаржы нарығына жасаған кезекті шолуын жариялады. Бұл шолуда банк секторы, сақтандыру нарығы, депозиттер мен бағалы қағаздар нарығы, микроқаржылық қызмет пен тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты негізгі көрсеткіштер көрсетілген. 

Банк секторы

Қазізріг кезде еліміздің банк секторында 22 екінші деңгейлі жұмыс істейді, соның ішінде 14 банк шет елдің қатысуымен (банктердің жалпы санынан 60,9%),  ал 11-і –  еншілес банк.

Рисунок1_2.png

Банк секторының жиынтық активтері негізінен қазан айында ЕДБ қарызының  1,5%-ға өсуі есебінен 1,3%-ға артып, 36,01 трлн теңге болды. 2021 жылдың басынан бері жиынтық активтердің өсімі 16,2%-ды құрады.

Екінші деңгейлі банктердің 12,23 трлн теңге немесе активтерінің 33,9%-ын құрайтын өтімділігі жоғары елеулі актив қоры бар. Өтімділік қоры банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2021 жылғы қазанда негізінен клиент салымдарының 1,1%-ға өсуі есебінен банк секторының міндеттемелері  де 1%-ға өсті. 2021 жылдың басынан бері міндеттемелер 17,6%-ға артқан. 01.11.2021ж. жағдай бойынша, банк секторының капитал қоры  да жеткілікті. 

Рисунок2_0.png

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2021 жылғы қазанда 1,4%-ға өсіп, 17,2 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш өсімі 17,6%-ды құрады.

2021 жылғы қазанда заңды тұлғаларға  берілген кредит 7,27 трлн теңгеге дейін  – 1,4%-ға төмендеді, ал жеке тұлғалар алған несие 3,5%-ға өсіп, 9,93 трлн теңгеге жетті. 

Ал жыл басынан бері жеке тұлғаларға берілген кредит 32%-ға өсті. Соның ішінде теңгемен берілген кредиттің үлес салмағы 89,6%-ды құраған. Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 2021 жылғы қазанда 14,85 трлн теңгеге дейін, 1,5%-ға өссе, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2,36 трлн теңгеге жеткен.Халықты ипотекалық кредиттеу көлемі 2021 жылғы қазанда 3,8%-ға артып, 3,02 трлн теңге болған. 2021 жыл басынан бастап бұл көрсеткіш 27,3%-ға өскен.
Азаматтардың тұтынушылық мақсатта арналған кредиттері 2021 жылғы қазанда 5,83 трлн теңгеге дейін жетіп, 3,5%-ға өсті. 2021 жылдың басынан бастап тұтынушылық қарыз 32,8%-ға өсті.

Рисунок3.png

Алдын ала мәліметтер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі 2021 жылғы қыркүйекте 0,3%-ға азайып, 4,0% (2021 жылдың басында – 6,9%) болды. Жеке тұлғалардың қарыздар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз деңгейі 3,9%, ал ШОБ-ты қоса алғанда,  заңды тұлғалар портфелінде – 4,4% (01.01.2021ж. – 8,6%) болды.

Депозит нарығы

Депозиттер көлемі 2021 жылғы қазанда 0,6%-ға өсіп, 26,01 трлн теңгеге жеткен. 2021 жыл басынан бері бұл көрсеткішт өсуі 17,8% болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 13,55 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға өсіп, жеке тұлғалардың депозиттері 12,46 трлн теңгеге дейін жетіп,  0,7%-ға өсті.Ұлттық валютада сақталған депозиттер – 16,75 трлн теңгені, шетел валютасындағы депозиттер 1,2%-ға азайып, 9,26 трлн теңгені құрады. 

Рисунок4.png

Сақтандыру секторы

Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде 9-ы – өмірді сақтандыратын компаниялар.2021 жылғы қазанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,6%-ға өсіп, 1,75 трлн теңгені құраған.   Оған негізінен сақтандыру сыйлықақыларының өсуі және оларды бағалы қағаздарға инвестициялау себеп болған.  Жыл басынан бері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 17,5%-ға өсті.

Актив құрылымында бағалы қағаздардың үлесі басым: 1,27 трлн теңге.  Олар бір айда 2,8% өскен. Ал қайта сақтандыру активтері қазан айында 7,1%-ға азайып, 69 млрд теңгені (жиынтық активтердің 3,9%-ы) құрады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2021 жылғы қазанда 2,1%-ға артып, 1 трлн теңгені құрады. Міндеттемелер  негізінен сақтандыру резервтерінің ұлғаюы есебінен өскен. Жыл басынан  бері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 24,1%-ға өсті.

Міндеттемелер құрылымында сақтандыру резервтерінің үлесі басым(жиынтық міндеттемелердің 84,1%-ы). Оның көлемі  856 млрд теңгеге жеткен. 2021 жылғы қазан айында сақтандыру резервтері негізінен шығындар өсуі  есебінен 1%-ға артты. Жыл басынан бері резервтер 24,8%-ға өскен. Қазіргі кезде сақтандыру комнанияларының меншікті капиталы 727 млрд теңгені құрайды. Бір айда 0,9 пайызға, жыл басынан бері  9,3% өскен. Сақтандыру компаниялары бір айда 7,6 млрд теңге таза пайда тауып, бір жылдық пайда 98,3 млрд теңгені құрады.

Рисунок5.png

Бағалы қағаздар нарығы

Акциялар нарығын капиталдандыру 2021 жылғы қазанда 13,7%-ға артып, 32,9 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бері 72,7% өскен.2021 жылғы қазанда акциялар сауда-саттыңы 9,9 млрд теңге көлемінде болған, өткен аймен салыстырғанда біршама төмен. 

Қазақстан қор биржасының» сауда тізімдерінде 121 эмитенттің 136 акциясы бар, оның ішінде 4 шығарылым листингтік емес бағалы қағаздар секторында айналысқа жіберілген. Есепті айда KASE ресми тізіміне жаңа акциялар енгізілмеген.2021 жылғы қазанда KASE индексі 10,9%-ға 3 751,85 тармаққа дейін, жыл басынан бері 40,2%-ға өскен.

KASE-те саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2021 жылғы қазанда 1,2%-ға артып, 14,4 трлн теңгені құраған. 2021 жылдың басынан бері саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2%-ға төмендеді.
KASE-нің сауда-саттық тізімінде 76 эмитент шығарған 318 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-те корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 27%-ға өсіп, өткен аймен салыстырғанда қайталама нарықтағы мәмілелер үлесінің азаюы есебінен 243,4 млрд теңгені құрады.
2021 жылғы қазанда 156,1 млрд теңге жалпы сомаға 7 облигация шығарылымы орналастырылды, оның 93,8%ы – қаржы секторының компанияларына тиесілі.

Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлігінде банктердің үлесі  – 1,6%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 6,6%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 7,9%, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 78,7%, жеке тұлғалардың үлесі – 5,2%-ды құрайды. Бейрезиденттердің үлесі 18,4%-ды  құраған. 

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

KASE-де сауда-саттыққа түсетін номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы алдыңғы аймен салыстырғанда 2,6%-ға артып, 18,1 трлн теңгені құраған. Қазан айында KASE-те мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған жиынтық сауда-саттық көлемі 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 27,7%-ға артып, 274 млрд теңгені құрады.

Микроқаржылық қызмет

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың активтері 1,5 трлн теңгені құрап, бір тоқсанда 6%-ға, жыл басынан бері 22,4%-ға өскен. Қазіргі таңда МҚҚЖҰ активтері банк секторының жиынтық активтерінің 3,7%-ын құрайды.
Активтердің басым бөлігі микроқаржы ұйымдарына тиесілі: 714,7 млрд теңге немесе 47,6%, кредиттік серіктестіктерге – 579,5 млрд теңге немесе 38,6%, ломбардтарға – 206,6 млрд теңге немесе 13,8%.

021 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ның жалпы несие портфелі 1,32 трлн теңгені құрап, бір тоқсанда 7,8%-ға, жыл басынан 27,8%-ға өскен. Бұл сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуі себеп.Ал жиынтық портфельден мерзімі өткен және жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі тиісінше 10,4% және 4,1%-ды құрайді. 

 Тұтынушылар құқығын қорғау

2021 жылғы қазанда қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер мен бағалы қағаздар нарығы субъектілері іс-әрекеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 1 578 өтініші  қаралған. Тұтынушылардан түсетін арыз-шағым саны да артқан.Бұл өтініштерде көрсетілген негізгі мәселелер: банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің болмауы, кепіл мүлкін өткізу және Ипотекалық (тұрғын үй) қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде борыш жүктемесін азайту. Өтініштердің басым бөлігі банк секторына қатысты, түскен өтініштердің 58%-ын құрайды.