Әлемде өмір сүру деңгейі қымбат қалалардың бестігі анықталды. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Әлемдегі ең қымбат қала Тель-Авив. Британдық «Economist Group» компаниясының сарапшылары 173 шаһардың рейтингін құрған.
Былтыр Тель-Авив қаласы бұл тізімде бесінші орында тұрған. Бірақбиыл израильдік шекельдің долларға қатысты бағамы өсті.
Қалада азық-түлік пен жол ақысы да қымбаттаған.
Өмір сүру деңгейі қымбат қалалардың бұл жолғы бестігіне Тель-Авивтен бөлек Париж, Сингапур, Цюрих пен Гонконг кіріп отыр. Сарапшылар рейтинг құрғанда, азық-түлік бағасы, пәтер ақысы секілді көрсеткіштерді ескереді.