2022 жылы БЖЗҚ-да қалуы тиіс қаржының «жеткілікті шегі» өзгереді
2022 жылдан бастап, зейнетақы қорында қалуы тиіс қаржының жеткілікті шегі өзгереді. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады.
Айталық, бұған дейін 30 жастағылардың шотында қалуы тиіс соманың жеткілікті шегі 2 млн 500 мың теңге болса, жаңа жылдан бастап ол 4 млн 370 мың болады. Яғни отыздағы азамат тек осы ақшадан асқанын ғана алып, тұрғын үй жағайын жақсартуға жұмсай алады.
2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді.
Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілген еді.
«2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті. 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді» делінген хабарламада.
Төменде салымшының жасы мен зейнетақы шотында қалуы тиіс қаражат көлемі көрсетілген:
!function(e,i,n,s){var t=»InfogramEmbeds»,d=e.getElementsByTagName(«script»)[0];if(window[t]&&window[t].initialized)window[t].process&&window[t].process();else if(!e.getElementById(n)){var o=e.createElement(«script»);o.async=1,o.id=n,o.src=»https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js»,d.parentNode.insertBefore(o,d)}}(document,0,»infogram-async»);