Инвестиция

Kursiv-10 және Kursiv-G38 индекстері төмендеді

Индекс қатысушыларының негізгі корпоративтік оқиғалары

Kursiv Research 2021 жылдың желтоқсанынан екі индекс: Kursiv-10 мен Kursiv-G38-ді бақылап, тұрақты түрде материал жариялап отыруды қолға алады. Биыл наурыз айына бері Kursiv-20 индексін қадағаладық, рейтинг авторларының  айтуынша, оған өтімділігі мен келешегіне қарай іріктелген «Премиум» (7 қағаз) және «Стандарт» (13 қағаз) топтарының жай акциялары кірді.  

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылғы 15 қарашадан шетелдік эмитенттердің, оның ішінде негізінен америкалық бағалы қағаздардың сауда-саттығы жүретін KASE Global секторын іске қосты. Жаңа сектор мен қолданыстағы сектордың айырмашылығы – акция бағасын белгілейтін валютада (АҚШ доллары), сондай-ақ. Т+2 шартына сәйкес,  сауда-саттық 22:00-де аяқталады. Бұрын жалпы шарт негізінде саудаланған және Kursiv-20 есептеу кезінде ескерілген шетелдік эмитент қағаздары жаңа секторға көшті.  

Осыған байланысты Kursiv Research екі индексті жеке-жеке бақылау қажет деген байламға келді. Kursiv-10 индексіне «Премиум» (7 қағаз) және «Стандарт» (оның ішінде 3 қағаз Ресей эмитенттері) тобының акциялары кіреді. Kursiv-G38 индексі KASE Global секторының барлық қағаздарын қамтиды, қазіргі уақытта олардың саны – 38. KASE сатылатын бағалы қағаздар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өту керек. Екінші жағынан, бұл салада ең өтімді және келешегі бар қағаздарды анықтауға уақыт қажет. Осыған байланысты болашақта Kursiv-G38 есептеу әдістемесін қайта қарау көзделіп отыр.  

4-полоса-курсив-g38-1-копия.jpg

Өткен екі аптада KASE-де ұсынылған және Kursiv-10 индексіне кірген 10 эмитенттің позициясы төмендеді. Индекс мәні 1 352,59-дан (сауда күнінің қорытындысы бойынша) 1284,53-тармаққа дейін (01.12.2021 ж.15:00-дегі жағдай бойынша) төмендеді.

Қазақстандық эмитенттер арасында ЦентрКредит Банкі (+0,8%) мен  KEGOC (+0,5%) бағалы қағаздары сәл-пәл ғана өсіп көрсетті. Соңғы екі апта әсіресе Халық банкі (-7,3%) мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (-8,3%) үшін сәтсіздеу болды.

Қалған қазақстандық эмитенттер де біршама арзандаған.  

KASE-де ұсынылған және Kursiv-10 индексіне енгізілген үш ресейлік змитент акцияларының құны айтарлықтай төмендеген: Сбербанк (-10,1%), Банк ВТБ (-9,7%) және Yandex N. V. (-6,9%).  

KASE Global секторында ұсынылған шетелдік эмитенттердің көпшілігі үшін белсенді сауда-саттық 2021 жылдың 22 қарашасынан басталды.  Яғни бұл күн базалық кезең ретінде алынады,  индекстің бастапқы күйі (100%) 1000 пунктке тең. Өткен 14 күнде KASE Global секторында ұсынылған,  Kursiv-G38 индексіне кірген 38 эмитенттің де позициясы төмендеді. Индекс мәні 1 000,00-ден (сауда күнінің қорытындысы бойынша) 993,97-тармаққа дейін (01.12.2021 ж.15:00-дегі жағдай бойынша) түзетілді. 

Moderna фармацевтикалық компаниясы (+18,6%) жақсы өсім көрсетіп, көш бастап тұр.  Одан кейін америкалық Fortinet IT компаниясы келедіи(+6,3%). Көш басындағы үштікті тағы бір фармацевтикалық компания – Pfizer (+4,2%) түйіндеген.  Ал аутсайдер  – әуе тасымалымен айналысатын American Airlines (-14,9%).  

4-полоса-курсив-10-1-копия.jpg

Қазақстандық индекс қатысушыларының негізгі корпоративтік оқиғалары 

Халық банкі  

10 жылдық теңгелік облигация (HSBKb18) ұстаушылары 3,7 млрд теңге көлеміндегі 14-купондық сыйақы алды. Бір облигацияның номиналды құны – 10 мың теңге, ағымдағы купондық мөлшерлеме – 7,5% деңгейінде, шығарылым көлемі – 100 млрд теңге.  

Халық банкі  биылғы тоғыз ай мен 2021 жыл III тоқсанының қаржы нәтижесі туралы есеп берді. Қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есептілік нәтижесі: қарапайым акционерлердің таза пайдасы 21,4%-ға, 107,7 млрд теңгеге дейін көбейген. Ал 2020 жылдың ІІІ тоқсанында 88,7 млрд теңге пайда тапқан еді. 

Kcell

26 қараша күні Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі Еуразия даму банкінен алынған 6,5 млрд теңге  қарызының негізгі борышы мен есептелген сыйақыларын толық өтегенін хабарлады.

KEGOC

Магистральді электр желілері операторы 2021 жылдың 18 қарашасында жай акцияларының (KZ1C00000959) дивидентін төледі. Төлем мөлшері бір акцияға  – 84,72 теңгені, жалпы сомасы – 22 млрд теңгені құрады.  

24 қарашада акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Қаныш Молдабаев компанияның жаңа басқарма төрағасы болып үш жылға сайланды. Оның компания директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. KEGOC Директорлар кеңесінің төрағасы Сүйіншлік Тиесов болды. Сондай-ақ Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілі ретінде Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды. Тиесов пен Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы KEGOC директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін белгіленді.

Қаныш Молдабаев Павлодар индустриялық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 1987 жылы бітірген.

KEGOC-та 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компаниядағы еңбек жолын «Солтүстік МЭС» филиалын директоры ретінде бастаған. Соңғы лауазымы – «Самұрық-Қазына» энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры және ол KEGOC директорлар Кеңесінде акционерлер мүддесін қорғады.

«Қазақтелеком» АҚ

ҚР телекоммуникация саласының көшбасшысы 2021 жылы басым акциялар бойынша (KZ0009094645) бір акцияға 300,00 теңге мөлшерінде кепілдендірілген дивиденд төленетіні жайлы  хабарлады, жалпы төлем сомасы 89,6 млн теңгені құрайды. Төлем 2021 жылғы 6-31 желтоқсан аралығында жүргізіледі.  

25 қарашада компания биржаға Cloud Lab КТ-тағы үлесін енді иеленбейтінін хабарлады. Бұған дейін байланыс операторы осы компанияның 70% қатысу үлесіне ие болған. КТ Cloud Lab (бұрынғы «Кептер телеком») 1997 жылы «Қазақтелеком» компаниялар тобының құрамында интернет-провайдер ретінде құрылды. 2011 жылдан бері компанияның қызметі бұлтты шешімдерді әзірлеуге бағытталған. Сонымен қатар, КТ Cloud Lab ІТ-инфрақұрылы (IaaS) жалға береді, жеке немесе көпшілікке арналған бұлтты жобалаумен және енгізумен айналысады, аутсорсингтік байланыс орталығының қызметтерін ұсынады.  

«ҚазТрансОйл»

«ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды. Оған Мартинес Лопес Альберто (тәуелсіз директор) және Марлен Оразбеков («ҚазМұнайГаз» өкілі – ҚМГ) кірді. Құрылысшы мамандығы бар Марлен Оразбеков ҚМГ жүйесінде ұзақ уақыт еңбек етіп келеді. 2017 жылы ол «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, 2020 жылдан бастап Ұлттық компания аппаратының басшысы болды.  

Банк ЦентрКредит

Банк Moody ‘ s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі ұлттық және шетел валютасындағы банк депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті «В2» деңгейінен «В1» деңгейіне дейін көтергенін, болжам – «тұрақты» екенін хабарлады. Сондай-ақ, агенттік ұлттық шкала бойынша банктік депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін де көтерді.

«Қазатомпром» АҚ

Ұлттық компания биыл тоғыз айдағы қаржы нәтижелерін жариялады. «Қазатомөнеркәсіптің» кірісі 7%-ға – 331 миллардқа дейін, таза пайда  екі есе –  79 млрд теңгеге дейін төмендеген.  Бір жыл бұрын таза пайда 157 млрд теңге болған. Компанияның таза ақша ағыны шамамен төрт есе: 34-тен 9 млрд теңгеге дейін қысқарды. Қаржы көрсеткіштерінің нашарлауы «Қазатомөнеркәсіп» өнімдері сатылымың қысқаруына байланысты: 2021 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында  2,2 мың тонна уран сатқан. Ал компания былтыр осы кезеңде 5,6 мың тоннадан артық уран (-61%) өткізген еді.