Жаңалықтар

Отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 5,5%-ға өсті

Бір айда

Ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 5,5% жоғарылады. Бұл туралы  Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға – 8,2%, металл кендеріне – 8%, табиғи газға 3% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға ферроқорытпаларға – 6,4%, мысқа – 4,8%, қорғасынға – 4,4%, алюминийге – 3,3%, асыл металдарға 2,6% жоғарылады, қара металдар илегіне 2,6% төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазутқа – 12%, сұйытылған пропан және бутанға – 6,6%, бензинге – 3,6%, дизель отынына 1,1% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға макарон өнімдеріне – 4,7%, нанға – 4,4%, жармаларға – 2,9%, бидай ұнына – 2,6%, қантқа – 2%, өсімдік майына – 1%, құс етіне – 0,8%, сүт өнімдеріне 0,7% жоғарылады, мал етіне – 1,3%, шайға 0,7% төмендеді.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда суды бөлу бойынша қызметтерге – 0,7%, электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 0,5% жоғарылады.