Австралия Парламенті жабылды
Австралия Парламенті қызметкерлердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталуына байланысты жабылды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.
Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ қызметкерлер үшін ғана ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі.
Ослода шамамен 120 адам Рождество алдында ұйымдастырылған мерекелік корпоративте коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сынамаларға жүргізілген талдауға сәйкес вирус жұқтырғандардың жартысына жуығында «омикрон» штамына күдікті жағдай анықталса, 13 адамда бұл штам дәл расталды.
Берлин полициясы ковид-диссиденттер акциялары кезінде 58 адамды ұстады. Сонымен қатар екі тәртіп сақшысы зардап шегіп, бірнеше журналистке шабуыл жасалды. Бұған дейін Берлин билігімен мұндай акцияға тыйым салынған болатын.