Жаңалықтар

ДДҰ: омикрон штаммынан осы уақытқа дейін өлім тіркелген жоқ

ДДҰ жаңа штаммның қаншалықты жұқпалы екенің анықтау үшін тағы бірнеше апта қажет деді

 Қазірдің өзінде ондаған елдерде табылған COVID-19-тың омикрон штаммы әлі бірде-бір өлімді тудырған жоқ. Тиісті ақпаратты AFP агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

«Жаңа штаммның қаншалықты жұқпалы екенін және оның одан да ауыр ауруды тудыратынын анықтау үшін тағы бірнеше апта қажет», – деді ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан.

«Біз барлығына қажетті жауаптарды алуды көздеп отырмыз», – деді ол.

 Бұған дейін Дүниежүзілік ұйым коронавирустың жаңа нұсқасын алаңдаушылық тудыратын санатқа жатқызуға шешім қабылдады. 

20 қарашада ғалымдар Ботсвана мен Оңтүстік Африкада B.1.1.529 коронавирус штаммының пайда болғанын хабарлады, оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар.
Зерттеушілердің пікірінше, SARS-CoV-2 геномындағы көптеген жаңа өзгерістер бұл нұсқаның жоғары берілу қабілетін және ауырған және вакцинацияланған адамдардың қорғаныс антиденелеріне төзімділігін көрсетеді, дегенмен түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте. Сарапшылар B.1.1.529 бастапқыда иммун тапшылығы бар адамда – СПИД немесе ВИЧ жұқтырған науқаста дамыған деп болжайды.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Африкада індетті жұқтырған жүзге жуық адам тіркелген. Гонконгта, Израильде, Бельгияда, Чехияда, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда, Австралияда, Португалияда, Шотландияда, Нидерландыда, сондай-ақ, Франция, Швейцария және Австрияда жағдайлар бар.