Күні кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім шығарды. Үш рет қатарынан көтерілген базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейінде сақтап қалуға не түрткі болғанын ҚРҰБ төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов түсіндіріп өтті.
«Әзірге инфляцияның орнықты құрамдас бөліктерінің уақытша тұрақтанғанын атап өткім келеді. Сөзімді растау үшін жасалған бағалаудан мысал келтірейін. Маусымдық кезеңнен тазартылған тұтыну бағаларының инфляциясы биыл қарашада 5,6%-ға дейін баяулады. Дәл осындай көрсеткіш жылдың ортасында 16%-дан асты. Бұдан әрі не болатыны, яғни инфляцияны бұдан былайғы төмендету үрдісі қалыптаса ма, жоқ па – сол маңызды. Егер бұл үрдіс емес, уақытша құбылыс болса, онда біз тиісінше әрекет етеміз» дейді банкир.
Бұл ретте коронавирустың жаңа штамы мен одан туындайтын белгісіздік туралы айтпай кетуге болмайды. Қазірдің өзінде кейбір елдер қазірдің өзінде нокдаундар мен жолаушылар ағынын шектеу шараларын енгізіп отыр. Егер мұндай іс-әрекет барлық жерде орын алса, баяу экономикалық өсім, өндіріс тізбегінің одан әрі бұзылуы, тіпті проинфляциялық қатер қаупін тудырады.
«Екіншіден, кейбір сарапшылардың пайымдауынша, «Омикрон» денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмес, егер сценарий солай оңынан өрбитін болса, ол пандемияның біртіндеп аяқталғанын білдіруі мүмкін. Осы сияқты белгісіздіктің бәрі қаржы нарығы меен сентименттерге тез әсер етеді. Әсіресе жаңа штамдардың толқын тәріздес соққысын дамушы нарықтар қатты сезінеді» деп атам өтті А.Баймағамбетов.
Осының бәрі ескене отырып, Ұлттық банк жағдай тұрақтанғанын күте тұрғанды жөн көреді. Баймағамбетовның айтуынша, жаңа қатер мен тәуекел теңгерімі қалай қалыптасары мен оның сыртқы және ішкі экономикаға қалай әсер етері туралы нақты түсінік қажет. Осы тұрғыда мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауда қолдаған тәсіл бұрынғыға қарағанда үмітті ақтайтындай. Ұлттық бан өкілі қазіргі кезде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемде азық-түлік өнімдері бағасы өсіп жатқанын айтады.
«Әлемнің көптеген елінде инфляцияның рекордтық деңгейі әлі де сақталып келеді. Азық-түлік бағасы өндірістік-логистикалық тізбектердің бұзылуына және қолайсыз ауа райының салдарынан ұсыныстың төмендеуіне байланысты жоғарылайды. ФАО азық-түлік бағаларының индексі төртінші ай қатарынан өскенін көрсетті. Биылғы қарашада индекс 2011 жылғы маусымнан бастап ең жоғары деңгей – 134,4 тармақ белгісіне жетті. Осылайша, сыртқы азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 27,3%-ға өсті. Біздің ірі сауда әріптесіміз немесе импорт тұрғысынан негізгі сауда әріптесіміз – Ресейдегі инфляцияның өсуін де атап өткен жөн. Инфляция биыл қазанда 8,1%-ға дейін қарқын алып, бес жылдық ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл олардың нысаналы дәлізінен екі есе көп. Ресей импортының жоғары үлесін ескерсек, әрине, ондағы жоғары инфляция ішкі бағаларға да әсер етеді. Қымбаттаған тауарлармен қатар біз инфляцияны да импорттаймыз» деді Баймағамбетов.
Азық-түлік бағасының қымбаттауы елдегі инфляцияға айтарлықтай үлес қосып отыр. Оған қоса, өндірісі ішкі сұранысты қанағаттандыратын кейбір тауарлар бойынша сыртқы баға айырмашылығы бар, бұл инфляциялық қысым тудырады. Оларға, негізінен, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ұн және сүт өнімдерінің бағасы жатады.
«Ішкі нарықтағы ахуал дәнді дақылдар мен жем-шөп дақылдары түсімінің төмендеуімен күрделене түседі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 11 айда 16,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға аз. Сонымен қатар, жанар-жағармай мен электр қуаты бағасының жоғарылауына байланысты тамақ өнімдерін өндірушілердің шығыны өскені де байқалады. Мұның бәрі нан, ет, жұмыртқа және басқа да негізгі тамақ өнімдері бағасының өсуіне әкелуі мүмкін» дейді ҰБ төрағасының орынбасары.
Өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларында өндірістің қалпына келуі, импорттың ұлғаюы, халық табысының оң серпіні, кредиттеудің жоғары қарқыны, карантиндік шектеулерді жеңілдету ішкі сұраныс серпініне оң әсер етеді деп тұжырымдайды Баймағамбетов.
«Жыл басынан бері біз нақты тұтыну шығыстарының тез өскенін байқап отырмыз. Қазіргі уақытта сұраныстың жоғары құрамдас бөлігі дағдарыстан кейінгі қалпына келу және кейінге қалдырылған сұраныстың іске асырылуы байқалатын азық-түлікке жатпайтын сегментте байқалады. Егер бөлшек тауар айналымының серпініне келетін болсақ, ол жыл басынан бері белсенді түрде ұлғайып, өсу қарқыны екі таңбалы санға – 2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 10,1%-ға жетті. Бұл серпін тек кірістермен ғана емес, сонымен бірге біз атап өткен тұтынушылық кредиттеудің белсенді өсуімен де қолдау табады. Өз кезегінде, ол биылғы қазанда 36,6%-ға өскенін көрсетті, ал жаңа тұтынушылық кредиттер беру 86,0%-ға артты» деді ол.