БАӘ-де мемлекеттік кәсіпорындар жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Жарияланды
Бұл өзгеріс батыс елдерімен жұмыс уақытының сәйкес келуіне мүмкіндік береді

Біріккен Араб Әмірліктері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап батыстық жұмыс уақыты мен 4,5 күндік жұмыс аптасына көшеді. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Бұл БАӘ-де демалыс күндері қазіргідей жұма мен сенбі емес. Енді сенбі, жексенбі және жұманың жартысы болады дегенді білдіреді. Бұл Дубайдың батыстық экономикалық серіктестермен жұмыс уақытымен сәйкес келуіне мүмкіндік береді.

Жұма – Исламдағы қасиетті күн, сондықтан Парсы шығанағы елдері мен араб елдерінің көпшілігінде демалыс күндері жұма және сенбі – немесе бейсенбі және жұма күндеріне келеді.

БАӘ демалыс күндерін сенбі мен жексенбіге ауыстырған Парсы шығанағындағы алғашқы мемлекет болды.

Дегенмен, жұманың жартысы да жұмыссыз қалады. Мемлекеттік компаниялардағы күн 12:00-де аяқталады, осылайша адамдар түскі намазды оқи алады. Ислам әдет-ғұрыптары бойынша жұма намазында жұмыс істеуге тыйым салынады, бірақ оны намазға дейін және намаздан кейін жасауға болады.

БАӘ сонымен қатар жалпыға бірдей қолданылатын бес күндік жұмыс аптасының орнына 4,5 күндік ұлттық жұмыс аптасын ресми түрде енгізген әлемдегі алғашқы ел болады.

Демалыс күндерінің жаңа кестесі де, 4,5 күндік жұмыс аптасы да әзірге тек мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Ел билігі жеке секторға нақты тапсырма берген жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз