Қарағанды облысының тұрғыны 7 қолма-қол ақша фирмасын құрған

Жарияланды
Мемлекетке келтірілген шығын 280 миллион теңгеге бағаланды

Қарағанды облысының тұрғыны 7 қолма-қол ақша фирмасын құрып, мемлекетке 280 миллион теңге шығын келтірген. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті бақылаудағы 7 компанияның атынан жалған шот-фактураларды шығару фактісі бойынша Н.Кожемякинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2018-2020 жылдар аралығында Н.Кожемякина басқа тұлғамен қылмыстық сөз байласып, мүліктік пайда алу мақсатында 7 кәсіпорынды – «Read Oilers» ЖШС, «Гамма Проект» ЖШС, «Стройфирма Астэр» ЖШС, «ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «ВИЗУВИЙ» ЖШС, «Восток 98» ЖШС, «Меридиан 2020″ЖШС сатып алып, басқа тұлғаларға тіркеді.

Осы кәсіпорындардың атынан көрінеу жалған мәліметтері бар бухгалтерлік құжаттар жазылған.

Контрагент-компаниялармен жасалған мәмілелер шеңберінде қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін Н.Кожемякина мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 280 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.

Н. Кожемякина сотталды.

Қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың қылмыстық схемаларында салық төлемейтін бір күндік фирмалар пайда болады және олар нөлдік көрсеткіштермен есеп береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз