Бангладеште 20 студентті өлім жазасына кесті

Жарияланды
Олар әлеуметтік желіде ел билігін сынаған студентті өлтірген

Бангладеште әлеуметтік желіде ел билігін сынаған адамды саяси түрде өлтірген 20 студент өлім жазасына кесілді. Бұл туралы lenta.ru Deccan Herald сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, 21 жастағы Абрар Фахадтың денесі жатақханадан табылған. 
Ол Facebook-те премьер-министр шейх Хасинаны Үндістанмен бұрынғы келісімге байланысты сынаған жазбасын жариялады.

Тергеу мәліметінше, жас жігітті алты сағат бойы крикет таяқшасымен ұрған. Бұл іске жәбірленушінің курстастарының 25-і кінәлі деп танылып, бесеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Фахадтың әкесі сот шешіміне көңілі толатынын айтты. Үкімдер жақын арада орындалады деп үміттенді.
 

Сондай-ақ оқыңыз