Ағымдағы жылдың қараша айының соңында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 3,7%-ға ұлғайып, 13,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы үкіметте Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша инфляция 7,8 пайыз болғанда 11 пайыз табыс алынған. Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары үшін 3,2% нақты табыс қамтамасыз етілді.
Ол ағымдағы жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы орындалған өтініштерінің саны 2,2 трлн теңге сомасында 636,6 мыңды құрағанын атап өтті.
«Оның ішінде қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге 2,1 триллион теңге тиесілі», – деді Досаев.