Қарағанды-Теміртау жаңа автобанын жөндеуге 1,6 млрд теңге жұмсалмақ
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ екі жыл бұрын қайта жөндеуден өтіп, бірақ пайдалануға қабылданбаған Қарағанды – Теміртау автобанын жөндеуге тендер жариялады. Жоспарланған сатып алу сомасы ҚҚС қосқанда 1,6 млрд.
goszakup.gov.kz сайтының хабарлауынша, мердігер көлік магистралінің жекелеген учаскелерінде әртүрлі жұмыс түрлерін орындауы керек: жер асты қабатын қалыпты жағдайға келтіру, цемент-бетон жабындысын қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабынымен ауыстыру, инженерлік желілерді қайта салу (сумен жабдықтау желілері, электр желілері) және т.б.
2017-2019 жылдарды қоса алғанда, Қарағанды-Теміртау автожолы қайта жаңғыртылды – жолдың жүру бөлігі төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейтілді. Жұмыстың негізгі бөлігінің аяқталғанына қарамастан, тапсырыс беруші («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ) нысанды әлі ресми түрде пайдалануға қабылдаған жоқ, өйткені мердігер («Seiser» ЖШС) жалпы ұзындығы 11,7 мың. м болатын жырықтар түріндегі ақауларды жоя алмаған.. Олар 2018 жылдың жазында, бастапқы аяқталу мерзімінен бұрын жол бойында пайда болды.
«Жол толығымен ашық, қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Ақаулар бар, бірақ олар қозғалыс үшін маңызды емес. Тесіктер жоқ. Біз жоба авторына, техникалық қадағалауға және мердігерге шағым түсірдік. Сот процедуралары жүріп жатыр, соңғы шешім жақын арада қабылданады», – деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ желіні дамыту департаментінің директоры Ерлан Қалымов Kursiv.kz тілшісіне берген сұхбатында.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Seiser» ЖШС-мен 2016 жылдың 14 желтоқсанында келісім-шарт жасасқан, 2020 жылдың 11 қаңтарында бұзылған. Оның жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың 8 маусымынан бастап «Seiser» ЖШС оңалту рәсімінен өтуде – оның өтеу мерзімі біткен қарызы 1,5 млрд теңгеге жетті.