Ресейде РБК банкінен 15 миллион доллар ұрлаған алматылық тұрғын ұсталды
Жарияланды
Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде
Мәскеу облысында Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментімен іздестірудегі В.Власов ұсталды. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
Оған қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын.
Қазіргі уақытта іздестірілуші Мәскеу облысының Ішкі істер органдарымен қамауға алынды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.