Ресейдегі мигранттардың орташа жалақысы аталды

Жарияланды
Орташа жалақы айына 47 100 рубльді құрайды

Ресейдегі мигранттардың орташа жалақысы айына 47 100 рубльді құрайды. Бұл туралы  24.kg сайты Ресей Мигранттар федерациясының президенті Вадим Коженов мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, мамандар 2021 жылы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген иммигранттар – барлығы 4 739 мигрантпен зерттеу жүргізіп, сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижелері бойынша жаңадан келгендер орташа есеппен 77 200 рубль табыс тапқысы келетіні анықталды.

Сондай-ақ орыс тілін нашар білетіндер 37 мың рубль, ал жақсы білетіндер 49 мың рубль алатыны атап өтілді.

Мигранттардың 54,4 пайызы Ресейге үйдегі жалақының аздығынан барса, 30,5 пайызы өз елінде жұмыс жоқтығын, 18 пайызы жалпы өмір сүру деңгейінің төмендігін айтып шағымданған.

Вадим Коженов сауалнама жүргізілген мигранттардың 27,5 пайызы күніне сегіз сағаттан он сағатқа дейін, 22 пайыздан азы сегіз сағат немесе одан аз жұмыс істейтінін атап өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз