Илон Маск Time журналы бойынша жыл адамы атанды

Жарияланды
2020 жылы бұл номинация бойынша АҚШ президенті Джо Байден марапатталды

Америкалық SpaceX компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Илон Маск Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды. Жеңімпаздарды анықтау рәсімі YouTube желісінде көрсетілді, деп хабарлайды РИА-Новости.

Бұған дейін басылым оқырмандары таңдау жасады: олардың көпшілігі – 24% -ы Бразилия президенті Джейр Болсонароға дауыс берді..

Екінші орынды 9 пайыз дауыспен бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамп иеленді. Оқырмандардың тағы 6,3%-ы өткен жылы коронавируспен күрескен дәрігерлерге үшінші орынды берді.

2020 жылы осы номинация бойынша АҚШ-тың қазіргі президенті және вице-президенті Джо Байден мен Камала Харрис марапатталды. Бір жыл бұрын журнал бұл атақты эко белсенді Грета Тунбергке берген болатын.

Бұған дейін Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында екені хабарланған болатын. Ол бір күнде 24 миллиард долларға байыды.Дәулеті 335 миллиард долларды құрайды.Одан кейін рейтингте Джефф Безос, Бернард Арно, Билл Гейтс, Ларри Пейдж тұр.
 

Сондай-ақ оқыңыз