Ирактың мұнайға бай Киркук қаласы жанармай дағдарысымен бетпе-бет келді

Жарияланды
Жанармай құю бекеттерінің алдында ұзын-сонар көліктер жиналуда

Ирактың мұнайға бай Киркук қаласы жанармай дағдарысымен бетпе-бет келді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Жанармай құю бекеттерінің алдында көліктердің ұзын-сонар кезектері пайда болды, қауіпсіздік күштері қақтығыстардың алдын алуға тырысуда.

Киркук мұнай өнімдері департаментінің баспасөз хатшысы Гассан Вади Anadolu агенттігіне берген сұхбатында дағдарыстың негізгі себебін жақын маңдағы Эрбил және Сүлеймания сияқты қалалардың тұрғындарының Киркукке жанар-жағармай үшін келуі деп айтты.

Оның айтуынша, Эрбил мен Сүлейманияда жанармай бағасы Киркуктен жоғары. Мәселен, Киркукте бір литр бензин 450 динар немесе шамамен 31 цент, ал басқа қалаларда бір доллар тұрады.

Киркуктық такси жүргізушісі Ихсан Неджат Киркукте жанармай құю станцияларының тым аз екеніне шағымданды.

Оның айтуынша, Киркукте мыңдаған коммерциялық такси бар, бірақ олар тек саны тым шектеулі талондар негізінде бензин сатып ала алады.

Нежат әр көлікке аптасына 90 литр бензин берілетінін, бұл көлем үш күнге ғана жететінін атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз