ОПЕК+ келісімі қарашада 129%-ға орындалды

Жарияланды
Елдер мұнай өндіруді тәулігіне 285 мың баррельге арттырды

ОПЕК қараша айында мұнай өндіруді тәулігіне 285 мың баррельге – 27,72 млн баррельге дейін ұлғайтты, деп хабарлайды ұйым.

Сонымен бірге, «Интерфакс» агенттігінің бағалауы бойынша, ОПЕК+ келісіміне қатысушы ОПЕК елдері оны қарашада 129%-ға орындады.

Атап айтқанда, Ангола рұқсат етілгеннен 300 мың баррельге аз өндірсе, Нигерия тәулігіне 200 мың баррельге аз өндіреді.

Жалпы, ОПЕК елдері қарашада ОПЕК+ келісімі бойынша рұқсат етілгеннен 500 мың баррельге аз өндірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 2021 жылдың қарашасында мұнай өндіру тәулігіне 1,595 млн баррельді құрады. ОПЕК+ Қазақстанға қарашадағы квота тәулігіне 1,540 млн баррель болып бекітілді.

Энергетика министрлігі 2020 жылдың мамыры мен 2021 жылдың қарашасы аралығында ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалу деңгейі 95 пайызды құрайтынын қосты.

Сондай-ақ оқыңыз